УЕФА приезиденті Мишель Платини Сочиге 11-ші ақпанда келеді
Еуропа футбол қауымдастықтар одағының президенті Мишель Платини Сочиде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына 11-ші ақпан күні келеді, деп хабарлады Ресей Федерациясының Спорт министрі Виталий Мутко.
Бірер күн бұрын Ресей мен Украина Спорт министрліктері арасында келісім шартқа қол қойылды. «Екі елдің министрліктері жасаған келісім шарт аясында біріккен біріншілік туралы сөз болған жоқ. Негізі, бұл бастама тек футбол клубтары деңгейінде ғана көтерілген. 11-ші ақпан күні Сочиге келетін УЕФА президенті Мишель Платинидің біріккен біріншілік туралы ойы мүлдем басқа. Оның ойынша, Ресей ешбір елге қосылмауы керек. Біз шетелдік клубтарды чемпионатымызға жіберсек, ресейлік клубтар тасада қалып қояды. Біріккен біріншілік туралы мәселе көтеріп жүрген қалталы азаматтар, миллиардтарын өз елдерінің футболының дамуына жұмсасын», деп мәлімдеді Мутко.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей, Украина және басқа да ТМД елдерінің футбол командаларының біріккен біріншілігін өткізу төңірегіндегі мәселені «Газпром» басшысы Алексей Миллер, ЦСКА президенті Евгений Гинер, Ресей премьер-лигасының басшысы Сергей Прядкин, «Зенит» клубының президенті Александр Дюков көтерген болатын.
Фото: uefa.org