Шаңғы жарысының нәтижесі бойынша ресейліктердің түсірген шағымы қабылданбады
Ресей құрамасының бапкерлері бүгін скиатлоннан ерлер арасында болған қорытындысымен келіспейтіндіктерін білдірді. Олардың пайымдауынша, ресейлік шаңғышы Максим Вылегжаниннің мәре сызығын үшінші болып кесуіне, норвегиялық Мартин Йонсурд Сундбю кедергі келтірген. Ал норвегиялық шаңғышыдан 0,01 секунд қалып қойған Максим Вылегжанин төртінші орында келді.
Дегенмен Ресей шаңғы федерациясы наразылықты қабылдамау жөніндегі шешімге аппеляциялық шағым түсірмек.
Айта кетейік, бұл бәсекеде сынға түскен қазақстандық Алексей Полторанин жарысты 16-шы болып аяқтады.