Ресей құрамасы Олимпиадада алғашқы жүлдесін алды
Сочи Олимпиадасында әйелдер арасынан конькимен жүгіруден 3000 метрлік қашықтықта бәсеке аяқталда. Бұл сында голландиялық Ирен Вюстке тең келер ешкім болмады. Ол бұл қашықтықты 4 минут, 00.34 секундта бағындырды.
«Күміс» жүлдені чех Мартина Сабликова (+1,61) иеленді. Ал «қоланы» ресейлік Ольга Граф (+3,13) ұтып алды. Бұл - ресейліктердің Сочи Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесі.