Бүгін спорттың бес түрінен жүлделер сарапқа салынады
Сочи Олимпиадасының үшінші күні спорттың бес түрінен жүлделер сарапқа салынады. Олар - биатлон, фристайл, шорт-трек, тау шаңғысы және конькимен жүгіру.
Шорт-тректен 1500 метр қашықтықта Айдар Бекжанов пен Денис Никиша ел намысын қорғайды. Ал қыздар бәсекесінде 500 метрлік қашықтықта Инна Симонова қатысады. Ерлер бәсекесі 15:45-те басталса, әйелдердің іріктеу кезеңі 16:30-да басталады. Тікелей трансляцияны «KAZsport» телеарнасы жүргізеді.
«KAZsport» телеарнасында конкьимен жүгіруден 500 метрлік қашықтықтағы ерлер бәсекесі 19:00-де көрсетіледі. Қазақстан сапынан Роман Креч сынға түседі.
20:00-де ерлер арасынан могул бағдарламасы бойынша іріктеу кезеңі басталады. Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков және Дмитрий Бармашов келесі кезеңге өтуге тырысады. Бұл жарыс та «KAZsport» телеарнасында көрсетіледі.
Шана спортынына жекелей сында іріктеу кезеңдері басталады. Ел намысын Елизавета Аксенова қорғайды. Басталу уақыты - 20:45.
Биатлоншылар 12,5 шақырым қашықтықта жүлдеге таласады. Жарыс жолына Ян Савицкий мен Сергей Наумик шығады. Тікелей трансляция 21:00-де «KAZsport» телеарнасында.