Сочи-2014. Он бес жасар чемпион
Сочи Олимпиадасында тұңғыш рет енгізілген мәнерлеп сырғанаудан командалық жарыс аяқталды. Бұл жарыста Ресей спортшыларына тең келер ешкім болмады. Олимпиада чемпионы атанғандар - Татьяна Волосжар мен Максим Траньков, Ксения Столбовой мен Дмитрий Соловьев (жұптық сырғанау), Елена Ильиных пен Никита Кацапалов (мұз үстіндегі би), сонымен қатар жекелей сында Юлия Липницкая мен Евгений Плющенко.
Айта кету керек, жекелей сында өнер көрсеткен Юлия Липницкая 15 жасында Олимпиада «алтынын» алса, Евгений Плющенко екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Бұл сайыста Канада спортшылар «күмісті», АҚШ спортшылары «қоланы» иеленді.