Сочиде Қазақстанның қонақтарға арналған Үйі ашылды
Сочиде ашылған бұл Үй Олимпиада ойындарының тарихында алғашқы рет болып тұр. Қазақстандық Үй Олимпиадалық қалашықтың ортасында орналасқан.
«Қазақстанның» көршілері – Норвегия мен Италия елдері. Үйге келген қонақтарды ұлттық аспаптардың үнімен қарсы алады. Осыған қоса, барша меймандарға EXPO-2017 көрмесі туралы ақпарат беріледі.
Әрбір адам Қазақстан Ұлттық құрамасының киімін виртуалды түрде киіп, суретке түсе алады. Жоспарда басқа елдердің өкілдерімен кездесулер өткізіп, шетел журналистеріне қазақтың ұлттық тамақтарын ұсыну бар.
Фото: vesti.kz