Жеңіс тұғырына норвегиялық шаңғышылар көтерілді
Сочи Олимпиадасында шаңғышылардың спринттік жарысы мәреге жетті. Әйелдер бәсекесінде норвегиялық Майкен Касперсен Фалла озық шығып, Олимпиада чемпионы атанды. Фалла финалда 2 минут 35,49 секунд уақыт көрсетті. Оның отандасы Ингвильд Флугстад Эстберг (+0,38) «күмісті», ал словениялық Весна Фабьян (+0,40) «қоланы» иеленді.
Ерлер бәсекесінде де норвегиялық шаңғышы жеңіс тұғырына көтерілді. Жеңімпаз Ола Виген Хаттестадтың финалдағы уақыты – 3 минут 38,39 секунд. Екінші және үшінші орындарға швед спортшылары - Теодор Петерсон (+1,22) және Эмиль Йёнссон (+19,74) орналасты.