Екатерина Айдова алғашқы айналымды 22-ші орында аяқтады
Сочиде конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метрлік қашықтықтағы жарыстар өтуде. Бірінші кезең қорытындысы бойынша қазақстандық Екатерина Айдова 22-ші орында. Оның көрсеткіші – 39,04 секунд.
Әзірге көш басында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Сан Хва. Ол мәре сызығын 37,42 секундта кесті.
Екінші айналымда жеңімпаз анықталады. Бұл бәсеке Астана уақытымен 20:30-да басталады.