Николай Чеботько жартылай финалға шыға алмады
Сочи Олимпиадасында қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько ерлер арасындағы спринт бәсекесінде жартылай финалға шыға алмады. Ширекфиналда Чеботько өз тобында тек бесінші келді. Бұл нәтиже спортшының келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік бермеді.
Іріктеу кезеңінде норвегиялық Ола Виген Хаттестад үздік нәтиже көрсетті. Екінші орында ресейлік - Антон Гафаров.
Естеріңзіге сала кетейік, ерлер спринтінің іріктеу кезеңіне тағы екі қазақстандық - Роман Рагозин және Денис Волотка қатысты. Шаңғышыларымыз алғашқы айналымнан аса алмады.