Мәнерлеп сырғанаудан ресейлік спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді
Сочиде мәнерлеп сырғанаудан жұптық бәсекеде ресейлік Татьяна Волосожар мен Максим Траньков Олимпиада чемпионы атанды. Волосожар және Траньков жұбы еркін және қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 236,86 ұпай жинады.
Тағы бір ресейлік жұп Ксения Столбова мен Федор Климов «күмісті», германиялық Алена Савченко мен Робин Шолковы жұбы «қоланы» иеленді.