Сочи-2014: Бүгін Денис Тен бәсекеге түседі

Бүгін Сочидегі кезекті олимпиадалық күн қазақстандықтар үшін Астана уақытымен сағат 16.00-да «Лаура» шаңғы және биатлон кешеніндегі сайыстармен басталады.

10 шақырымдық классикалық стильдегі шаңғы жарысына біздің спортшыларымыз Татьяна Осипова, Елена Коломина және Анастасия Сломина қатысады. Марафонға барлығы 76 спортшы шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін алғашқы командалық жарыстар белгіленіп отыр. Құрамында Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Аслан Даумов, Нұрберген Жұмағазиев және Денис Никиша бар шорт-трек спортшылары 5000 метрлік эстафетаға шығады.

Шорт-трек - конькимен шаңшаң жүгіру түрі, онда спортшылар ұзындығы 111,2 метрлік сопақша мұз жолының үстімен жарыс қашықтығын барынша шаңшаң еңсеруі тиіс. Эстафетаға төрт спортшыдан сегіз команда қатысады. Әрбір команда белгілі бір спортшы қанша айналымды жүгіріп өтетінін өздері шешеді. Дегенмен соңғы спортшы соңғы екі айналымды жүгіріп өтуі тиіс. Жарыстар 17.31-де «Айсберг» қысқы спорт сарайында өтеді.

Сағат 20.00-да «Лаура» кешенінде биатлоннан жарыстар жалғасады. 20 шақырымдық жекелей жарыстарға қазақстандық биатлоншылар Ян Савицкий, Антон Пантов, Сергей Наумик және Александр Трифонов шығады. Барлығы 89 қатысушы болмақ.

Жекелей жарыс - ерлер үшін 20 шақырымдық биатлон жарысының және 15 шақырымдық әйелдер жарысының классикалық түрі. Биатлоншылар 30 секунд немесе бір минуттық арақашықтықпен жарысқа шығады. Бірінші және үшінші атысты - жатып, екінші және төртінші атысты - түрегеп тұрып атқарады. Әрбір биатлоншы атыс дәлізін өзі таңдайды. Әрбір жіберілген қателік үшін айып минуты қосылады.

Осы уақытта «Адлер-Арена» коньки орталығында қазақстандық Екатерина Айдова тағы да жарыс жолына шығады. Ол Нидерланды өкілі Маррит Ленстрамен жұптасып, 1000 метрлік қашықтыққа жүгіреді. Олар 14-ші болып шығады.

Олимпиадалық күн қазақстандық жанкүйерлер үшін 21.00-де мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өнерімен аяқталады. Жалпы ерлер мен әйелдер арасындағы дара сырғанау қысқа бағдарламадан тұрады, оның ішінде жеті міндетті элемент және еркін бағдарлама бар. Денис бүгін қысқа бағдарламаға әлемнің 30 күшті спортшысымен бірге қатысады. Екі жарыстың нәтижелері қосып есептеледі және жеңімпаздар төрешілер қойған жоғары балмен анықталады.

Денис Теннен басқа бүгін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Абзал Рақымғалиев те өнер көрсетеді. Жарыстар Астана уақытымен көрсетілген.

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды