Яромир Ягр қатарынан бесінші Олимпиадада шайба салды
41 жастағы чехиялық хоккейші Яромир Ягр қатарынан бесінші Олимпиада шайбасын салды. Ол Сочидегі хоккей турнирінде Швеция құрамасымен өткізген ойында мергендік танытты. Алайда бұл шайба Чехияға жеңіс әкелмеді. Кездесуде Швеция 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Яромир Ягр бес рет Олимпиада ойындарына қатысып, 24 матч өткізген. Бұл – оның Олимпиадалық ойындардағы сегізінші «олимпиадалық» шайбасы. Айта кету керек, Яромир Ягр алғаш рет 1998 жылы Нагано Олимпиадасына қатысты. Чехия құрамасының сапында хоккейші Наганода «алтын» және Туринде «қоланы» жеңіп алды.
Соныме қатар, Сочиде бесінші Олимпиада ойындарында шайба соғуға финляндиялық Теему Селянне мен швециялық Даниэль Альфредссон мүмкіндігі бар.