Бүгін татамиге Ислам Бозбаев, Ділбар Өмірәлиева, Жанар Қашқын және Альбина Амангелдиева шығады
Әлем чемпионатының бесінші күнінде ерлер 90, әйелдер 70 және 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күреседі.
Қазақстан құрамасынан ерлер арасында 90 келіде Ислам Бозбаев, қыздар арасында 70 келіде Ділбар Өмірәлиева мен Жанар Қашқын және 78 келіде Альбина Амангелдиева сынға түседі.
Дзюдодан Әлем чемпионатын «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыз.