Сочиде Үндістанның туы 16 ақпаннан бастап желбірейтін болады
«Қысқы Олимпиада ойындарында Үндістанның туы 16 ақпан күні көтерілетін болады» - деді Халықаралық Олимпиада комитетінің қоғаммен байланыс басшысы.
ХОК осы аптаның басында Үндістанның олимпиадалық дәрежесі қалпына келтірілетіні туралы ақпаратты растаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Үндістанның олимпиада комитетіне пара алғандар сайланды деген айып тағылған. Сол уақыттан бері бұл елге ХОК қатаң шаралар қолданып келген.