Ян Савицкий үздіктер қатарына ене ала ма?
Санаулы минуттардан кейін Сочи Олимпиадасында биатлоннан ерлер арасында 20 шақырымға созылатын жекелей жарыс басталады. Бұл бәсекеде қазақстандықтар Ян Савицкийге үміт артып отыр.
Қазақстандық биатлоншы Сочидегі Олимпиада ойындарында спринттік сайысын 43-ші, кейін із қуалай жарысын 29-шы болып аяқтаған еді. Ұлттық құраманың бапкерлері Янның жарыс сайын бабына еніп келе жатқанын айтады. Ол Ванкувер Олимпиадасындағы нәтижесін қайталады. Енді үздіктер қатарына енуін күтеміз.
Сонымен қатар, бұл қашықтықта тағы үш қазақстандық спортшы сынға түседі. Антон Пантов 45-ші, Сергей Наумик 76-ші, Александр Трифонов 84-ші нөмірмен жарысқа қосылады.