Беларусь спортшысы акробатиканың «алтынын» алды
Сочи Олимпиадасында фристайл-акробатика сайысының ақтық сынында жүлдеге төрт спортшы таласты. Шешуші кезеңде 98,01 ұпайға ие болған Беларусь спортшысы 34 жастағы Алла Цупер Олимпиада чемпионы атанды.
Қытай қызы Сюй Мэнтао (83,50) «күмісті» місе тұтса, Австралия елінің өкілі Лидия Лассила (72,12) үшінші орында.
Естеріңізге сала кетейік, фристайл-акробатика бәсекесінде 18 жастағы қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова 6-шы орынды иеленді.