Ол Ресей, Канада ұсыныстарына мүлде ойланған да емес
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Ұзарова Сочи Олимпиадасындағы Денис Теннің қола медалі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
БАҚ-қа берген сұхбатында ол: «Денистің жетістікке оңай қол жеткізген жұлдыз бала еместігін» баса айтып, оның Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанауда бүкіл әлем алдында оза шабуына тура келгендігіне ерекше тоқталып өтті.
«Өйткені ол жалғыз еді, «бұл менің жеңісім емес, менің елімнің жеңісі», деп әр кез айтатын. Ол - өз елінің патриоты. Оған қаншама ұсыныс түскенін сіздер білесіздер ме? Ресейден, Канададан оған барлық жағдай жасалып, тамаша қаржылық жағдай жақсарту ұсынылса да, ешқашан ондай ұсыныстарға назар аударған емес», - деді Қ.Ұзарова.
«Сочи Олимпиадасында Денис Тен қол жеткізген қола медаль біз үшін алтынмен пара-пар», - деп баса атап өтті бас бапкер.