Қазақстандық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова 28-ші орында
Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метрлік қашықтықты қазақстандық Екатерина Айдова 28-ші орында аяқтады.
Айдова бұл қашықтықты 2 минут 0,93 секундта өтті. Ал жеңіс тұғырына тек Голландия спортшылары көтерілді.
Бүгінгі сайыста Йорин Тер Морс Олимпиада рекордын жаңартып, «алтын» алды. Оның нәтижесі – 1 минут 53,51 секунд. Екінші орында Ирен Вюст (+0.58), үштікте - Лотте Ван Бек (+1.03)