Латвия телеарнасы ресейлік спортшының жеңісіне күмән келтірді
Латвияның LTV телеарнасының журналистері Сочи Олимпиадасының «алтынын» жеңіп алған ресейлік скелетоншы Александр Третьяковтың жеңісіне күмән келтірді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Сочи Олимпиадасында шана спорты бәсекесіне жеңіс тұғырына ресейлік спортшы көтерілген еді. Ал латвиялық Мартин Дукурс «қоланы» қанағат тұтты. Сочиде Третьяковтың екпіні өзге қатысушылардан жоғары болды. Ол төрт мүмкіндікте бірдей нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 4,47 секунд.
Бірақ, төрт кезеңнің біреуі де Третьяковтың жүрісін толық көрсетпеген. Шешуші кезеңде ресейлік спортшыдан басқаларының жүрісі толық ұсынылған.
Әлем Кубогы кезеңдерінде Александр Третьяков та, Мартин Дукурс та екпін алу кезіндегі екі мүмкіндікте бірдей уақыт көрсет алған жоқ, деп атап өтеді Delfi.