Олимпиада ойындарына тұман кедергі келтіруде
Сочиді тұман басуына байланысты жарыстардың кестесіне өзгерістер енгізілуде. Ерлер арасындағы сноуборд-кросс жарысының іріктеу кезеңі 13:00-ден 14:15-ке шегерілді.
Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 ақпанға белгіленген биатлонның масс-старт бәсекесі өтпеген еді. Кейін бұл жарыс 18 ақпан күні 10:00-ге белгіленіп, кейін осы күні 17:30-де өтетін болды.
Айта кетейік, жексенбі күні Сочиді қалың тұман басып, көру мүмкіндігі нашарлады. Қолайсыз ауа райы бүгінде сақталып отыр. Алайда синоптиктер сағат 15:00-ден кейін жақсаруы мүмкін дейді. Бұл уақытта жарысты өткізуге мүмкіндік бар. Күн батысымен кешке Сочиді қайтадан тұман басуы ықтимал.