Патрик Торесен: Ресейді жеңсек, Олимпиада аяқталады
Сочи Олимпиадасында хоккей турнирінің топтық кезеңдері аяқталды. Ширек финалға тікелей жолдама ала алмаған командалар іріктеу кезеңінде кездеседі. Сейсенбі күні Норвегия мен Ресей келесі кезеңнің жолдамасына таласады.
«Ресей құрамасымен ойында біздің жеңіске жету мүмкіндігіміз – 5 пайыз. Жеңіске жету үшін қорғаныста мұқият ойнау міндет. Топтық кезеңде канадалықтарға қарсы қорғаныста сауатты ойын көрсете білдік. Ресей құрамасын жеңген жағдайда Олимпиада аяқталады деп ойлаймын», - дейді норвегиялық хоккейші Патрик Торресен.