Сочи-2014. Норвегия екінші орынға көтерілді
Сочи Олимпиадасында шаңғы қоссайысында норвегиялық Йорген Граабак Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлде оның отандасы Магнус Моанның еншісінде, ал «қола» германиялық Фабиан Рисслеге бұйырды.
Спортшылар бірінші кезеңде шаңғымен тұғырдан секірсе, екінші кезеңде 10 шақырым қашықтықты шаңғымен жүріп өтті. Олимпиада чемпионы Йорген Граабак бірінші кезеңнен кейін 6-шы тұрғанымен, екінші кезеңде қарсыластарының алдын орап кетті.
Бұған дейін, биатлон бәсекесінде норвегиялық Эмиль Хегле Свендсен жеңімпаз атанған еді.