Қазақстанда қысқы спорттың барлық олимпиадалық түрі дамуы тиіс - Владимир Смирнов

Атақты шаңғышы, 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасының чемпионы, Халықаралық Олимпиада комитетінің бұрынғы мүшесі Владимир Смирнов Қазақстанның қысқы спорт түрлеріндегі жетістігімен бөлісті.
«Елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына көңілім толады. Конькимен жүгіру, биатлон және тау шаңғысы қайта оралдық. Спорттың жаңа түрлері де пайда болды. Могул, сноуборд және фристайлдың даму қарқыны жақсы. Спортшылар Сочи Олимпиадасында жүлде алмағанымен, келесі дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көтерілуі мүмкін», - дейді ол.  
Атақты шаңғышының сөзінше, Сочи Олимпиадасында қазақстандық делегация жақсы нәтиже көрсетуде. Өйткені, көптеген спорт түрлеріне спортшыларымыз алғаш рет қатысып отыр.
«Олимпиадалық спорттың барлық түрін дамытуға көңіл бөлу керек.  Жүздеген, мыңдаған адам шұғылданатын дәстүрлі спорт түрлері – хоккей, коньки және шаңғы. Сонымен қатар, техникалық спорт түрлері – фристайл мен сноубордтан бөлек бобслей мен шана спорты бар. Хоккейден әйелдер және ерлер құрамасын міндетті түрде қолдау керек. Бұл ойындарға жастар баса назар аударады. Мәселелерді шешу үшін алдымен жақсы талдау жасау қажет. Сосын келесі Олимпиада ойындарына жаңа жобалармен келеміз», - дейді Владимир Смирнов.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды