Жанбота Алдабергенова: «Фристайл – қауіпті, бірақ қызықты!»
Қазақстандық фристайлшылар Сочидегі Олимпиада ойындарында өте жақсы нәтиже көрсетті. Фистайлдың акробатика түріне қатысқан Жанбота Алдабергенова алғашқы Олимпиадасы туралы ой бөлісті.
«Сочи ойындары қатты ұнады. 6-шы орынға ризамын. Себебі алғашқыда 12 үздік спортшының қатарына етсем деп жоспарладым. Алайда қазақстандық жанкүйерлерлердің болмағанына көңілі толмады», - дейді ол.
Жанботаның айтуынша, оған тек Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы ғана қолдау көрсеткен. Ал қазылардың жұмысына жақсы баға берді.
Бұған қоса ол фристайлға дейін көркем гимнастикамен айналысқанын жеткізді . Ол бұл спортқа Азиада ойындарына қатысқан құрбысы Ақмаржан Қалмұрзаеваның кеңесімен келгенін айтты. Спорттың бұл түрі өте қауіпті екенін, ерлік пен жігерді талап екенін де сөз етті, деп жазады sports.kz.