Сноубордшы Валерия Цой іріктеу кезеңінен өте алмады
Сочи Олимпиадасында әйелдер арасындағы параллельді гиганттық слалом бәсекесінде қазастандық Валерия Цой 1/8 финалға шыға алмады.
Валерия Цой бірінші мүмкіндікте швейцариялық Стефани Мюллерге есе жіберіп, 57,53 секунд нәтиже көрсетті. Ал екінші мүмкіндікте словениялық . Глория Котникпен жарысып, сәл жылдам келді. Бұл жолғы нәтиже – 57,04 секунд.
1/8 финалына екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 16 спортшы өтті. Іріктеу кезеңінде 23-ші орынға тұрақтаған қазақстандық спортшы жарысты жалғастыра алмады.
Дегенмен ол 22-ші ақпан күні параллельді гигантық слалом бойынша екінші рет сайысқа түседі. Айта кетейік, Валерия Цой Олимпиада ойындарында сноуборд сайысына еліміздің атынан қатысып жатқан жалғыз спортшы.