Қазақстандық шаңғышы қыздар командалық спринтте финалға шыға алмады
Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан командалық спринтте қазақстандық Елена Коломина мен Анастасия Слонова финалға шыға алмады.
Қазақстандық шаңғышылар қашықтықты 17 минут 49,66 секундта өтіп, жартылай финал бәсекесінде өз тобындағы 9 команданың ішінен соңғы орынды алды.
Әйелдер арасындағы командалық спринттің финалына Норвегия, Швеция, Финляндия, Польша, АҚШ, Швейцария, Ресей, Германия, Австрия және Словения құрамалары жолдама алды.