Сочи Олимпиадасы ашылу салтанатының құпиясы туралы фильм шықты
Ресейдің Бірінші телеарнасы Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы ауқымды шараның қалай ұйымдастырылғанын баяндайтын «Жер мен көктің арасы» деген фильм шығарды, деп жазады 7days.ru .
Ұйымдастырушылар кадр сыртында қалған қойылымдар, декорациялар мен қиын технологиялар жөнінде толығырақ ой бөліседі.
Фильмге Константин Эрнст, Георгий Цыпин, Андрей Болтенко, Александр Файфман, Андрей Насоновский, Ирина Прохорова, Скотт Гивенс және басқалары қатысқан.
«Бұл адамдардың дарындылығы мен күштерінің арқасында бірнеше тонна декорация Фишт стадионының көгіне көтерілді. Стадионның әуе кеңістігін пайдалану – Сочи Олимпиадасындағы ашылу салтанатының басты ерекшелігі. Мұндай шара бұрын-соңды жасалған жоқ», - деп жазылған телеарна сайтында.