Украиналық шаңғышылар командалық жарысқа қатысудан бас тартты
Украиналық шаңғышылар Екатерина Сердюк пен Марина Лисогор Сочи Олимпиадасындағы командалық спринтке қатысудан бас тартты.
Екі спортшының да денсаулығы жақсы, жарақат алмаған. Олардың жарысқа қатысудан бас тартуына не себеп болғаны көрсетілмеген.
Алдағы уақытта жарыстан бас тартқан спортшыларға қатысты ресми мәлімдеме жасалуы тиіс.