Қазақстанға 2022-ші жылдың Олимпиадасына бүгіннен бастап дайындалу қажет
Халықаралық конькимен жүгіру федерациясының (ISU) президенті Оттавио Чинкванта қазақстандық спортшылардың Сочиде Ванкувермен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Ол мұндай табыстарға «Медеу», «Алау» сияқты спорт кешендерінің әсері зор болғанын жеткізді.
«Мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің де, мемлекет басшылығының да 2022 жылғы Олимпиаданы Алматыда өткізуге деген қызығушылығын көріп отырмын. Олимпиада ойындары – өте үлкен жарыс, сол себептен әрбір волонтер ағылшын тілін жетік білуі тиіс. Оған қоса, спорт кешендері бір-біріне жақын орналысып, дамыған инфрақұрылым мен халық арасындағы қолдау қажет. Жақсы әрі мықты спортшыларды тәрбиелеу үшін көп еңбектенген жөн. Себебі, ертең Олимпиадаға келген жанкүйер өз спортшыларынан медаль күтеді. Сондықтан болашақта сайысты тек өткізіп қана қоймай, жүлдегерлердің қатарында көріну үшін бүгіннен бастап аянбай еңбек ету қажет» - деп түйіндеді сөзін федерация президенті