Сочи Олимпиадасында спорттың бес түрінен жүлделер сарапқа салынады
Сочи Олимпиадасында спорттың бес түрінен жүлделер сарапқа салынады. Хоккейден әйелдер арасындағы финалдық кездесу өтеді. Ақтық сында Канада мен АҚШ ойнайды.
Сонымен қатар, бүгін әйелдер арасында керлингтен финалдық ойында Швеция мен Канада құрамалары кездеседі.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жекелей сынның жеңімпаздары анықталады. Фристайлшылар ски-кросс және хаф-пайп бағдарламасы бойынша жүлдеге таласады. Шаңғы қоссайысы бойынша ақтық бәсекелер қорытындыланбақ.