Норвегиялық шаңғышы Олимпиаданың алты дүркін чемпионы атанды
Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы масс-стартта норвегиялық шаңғышыларға тең келер ешкім болмады. 30 шақырымға созылған жарыста бұл елдің үш спортшысы негізгі топтан оқ бойы озық шығып, жүлделі орындарды өзара бөлісті. Мәре сызығын бірінші болып кескен Марит Бьёрген алты дүркін Олимпиада чемпионы атанды.
Екінші және үшінші орын оның отандастары Тереза Йохёуг пен Кристин Стёрмер Стейраға бұйырды.
Ал қазақстандық шаңғышылар Елена Коломина мәре сызығын 48-ші, ал Татьяна Осипова 51-ші кесті. Айта кетейік жарысқа қатысқан 55 шаңғышының үшеуі мәреге жете алмады.