Қазақстандық шаңғышылар жарысты аяқтады
Сочи Олимпиадасының соңғы күні қазақстандық шаңғышылар 50 шақырымдық масс-старт жарысына қатысты. Бұл бәсекеде жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көріне алмады. Үздік нәтижені Марк Старостин көрсетті. Ол мәре сызығын 34-ші кесті.
Ердос Ахмадиев 48-ші, Евгений Величко 54-ші, Сергей Черепанов 55-ші орынға тұрақтады.
Ал жеңіс тұғырына тек ресейлік шаңғышылар көтерілді. Александр Легков Олимпиада чемпионы атанса, екінші орында - Максим Вылегжанин (+0.7). Ал үштікті Илья Черноусов (+0.8) қорытындылады.