Олимпиада чемпионы Бьорндален Сочиде винтовкасынан айырылып қалды
Сочи Олимпиадасында 2 рет алтыннан алқа таққан норвегиялық биатлоншы Уле-Айнар Бьорндален Цюрихке жеткенде мылтығын таппай қалған.
Бьорндаленнің мылтығы Цюрих әуежайына жеткізілмепті. "Винтовканы стадионда тіркеген едім. Кейін маған оның әуежайға жеткізілгенін мәлім етті, - делінген спортшының хабарламасында. – Алайда, Цюрих әуежайында жеке заттарымның арасынан мылтықты таба алмадым. Іздеуге өтініш жазуға мәжбүр болдым. Бұл жағдай мені алаңдатты. Мылтық табылмаса, мен үшін үлкен уайым болғалы тұр".
19 ақпандағы аралас эстафетадағы Норвегия құрамасының жеңісінен кейін Бьорндален қысқы ойындар тарихындағы атақты тұлғаға айналды. Жалпы спортшы 13 олимпиадалық наградаға ие болған. Оның сегізі алтын, төртеуі күміс, біреуі қола медаль, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.