БАҚ өкілдері допингпен ұсталған ресейлік биатлоншы қыздардың есімін жариялады.
Допинг-тексеруде ресейлік биатлоншы қыздар – Ирина Старых пен Екатерина Юрьеватың сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылды. Бұл туралы «Чемпионат.com» хабарлайды. Бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме болған жоқ.
Жақын арада алынған сынамалардың қорытынды сараптамасы негізінде спортшылар есімдері ресми жарияланады деп күтілуде.
Ресейлік биатлоншы қыздардың допинг сараптамалары жөнінде алдымен еуропалық баспасөз 28-ші қаңтардың кешінде жазған болатын.
Халықаралық биатлон одағы (IBU) спортшыларды жарыстардан уақытша шеттетіп, Халықаралық Олимпиада комитетін бұл оқиға туралы хабардар етті.
Юрьева бұған дейін, 2008-ші жылы допингпен ұсталып, екі жылға спорттан аластатылған болатын. Екінші рет допинг қолданғаны дәлелденсе, Ресейдің допингке қарсы заңы бойынша биатлоншы қыз өмір бойы спорттан аластатылады.
Старых жөнінде айтар болсақ, ол Ресейдің олимпиадалық құрамасының мүшесі. 30-шы қаңтарға дейін оның орнын басқа спортшымен алмастырады және бұл – Галина Нечкасова болуы керек.
Фото: lenta.ru