Қазақстандық паралимпиадашылар Сочи ойындарына дайындық үстінде

Бірнеше күннен соң Қазақстанның паралимпиадалық құрамасы Сочиге ұшады. Олар ХІ Паралипмиадалық Қысқы ойындарға қатысады. Спортшылар Алматы облысындағы «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде қорытынды дайындықтарын пысықтады. Қазақстан спортының тарихында паралимпиадашылар тұңғыш рет Қысқы Паралимпиадаға бес лицензия алды. «Бүгін - Сочиге дайындықтың соңғы кезеңі. Паралимпиадашылардың дайындығына еліміздің үздік жаттықтырушылары мен канадалық кеңеші қатысты», - дейді Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің вице-президенті Галина Ванина. Өткен жылы Ұлттық құраманың барлық мүшесі халықаралық жарыстарға қатысу құқығына ие болып, Паралимпиаданың лицензиясы үшін ұпай жинады. Канадада өткен Әлем Кубогының кезеңінде Александр Колядин шаңғы жарысынан спринт пен класскалық стильде (20 шақырым) нормативті орындады. «Канадада аяқталған кезеңде тек бір лицензияға ие болсақ, Финляндияда жалғасқан екінші кезеңде тағы бір жолдама бұйырды. Ал Германияда үш лицензия және биатлоннан бір квота алдық», - деп түсіндіреді Галина Ванина. Паралимпиадалық құрамаға алматылық Жаңыл Балтабаева, талдықорғандық Ерлан Омаров, қызылжарлық Елена Мазуренко мен Қайрат Канафин енді. «Аздап толқу бар. Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже күтемін. Қарсыластарыма бәсекелес болуға бар күшімді саламын», - дейді Қайрат Қанафин. Қайрат Қанафин - қазақ спортының тарихында паралимпиадалық биатлоннан жарысқа қатысатын тұңғыш спортшы. «2007 жылдан бастап шаңғы спортымен шұғылданамын. 2008 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналысып келемін», - дейді ол. Шаңғы жарысы бойынша еліміздің паралимпиадалық құрамасының бас жаттықтырушысы Олег Коломеецтің шәкірттерінің нәтижесіне көңілі толады. «Қазақстан бес спортшының бәсекесін тамашалай алады. Бұл жолы транслация жақсы жүргізіледі. Ресейліктер шаңғы және биатлон жарыстарын көрсетуге уәде берді. Бұл арқылы мүмкіндігі шектеулі жастарды спортқа тартамыз деп ойлаймын. Биыл жаттығу жиындары толыққанды ұйымдастырылды», - дейді Олег Коломеец. «Мен спортты өте жақсы көремін. Қазір Сочиге дайындалып жатырмыз. Маған қолдау білдірген анама және жаттықтырушыларыма алғысым шексіз. Илья Ильин және басқа да чемпиондар сияқты болуды мақсат еттім. Олимпиада жүлдесін алуды қалаймын», - дейді Жаңыл Балтабаева. Сочи Олимпиадасының жүлдесіне таласу оңайға түспейтіні анық. Дегенмен спортшылар қандай нәтиже көрсетсе де өмірдегі маңызды жеңістеріне қол жеткізе білді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды