Т.Есентаев: Сочиде жүлде саны бойынша жоспар орындалмады

Бүгін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі кеңейтілген отырысын өткізді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысқан жиында агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев  Сочи Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың нәтижесін қорытындылады.

«Ванкувер Олимпиадасымен салыстырғанда медальдар саны бойынша Қазақстан құрамасының нәтижесі төмендеген. Жүлде саны бойынша жоспар жүзеге аспады. Спорттың үш түрі бойынша көрсеткіштер нашарлаған. Бұл – шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен тұғырдан секіру», - деді ол.

Агенттік басшысының мәлімдеуінше, 14-ші наурызда өтетін кеңейтілген отырыста  жетекші шаңғышылар мен өзге де спортшылардың сәтсіздігі бойынша толық сараптама жасалады. Бұл жиынға Ұлттық олимпиадалық комитеті өкілдері де қатысады.

Дегенмен, Есентаевтың сөзінше, қысқы спорт түрлерінің нәтижелері бойынша ілгерілеу бар. Өйткені, Ванкуверде 38 спортшы жарысқа қатысса, Сочиде 52 спортшы 60 лизенцияға ие болды.

«Сочи Олимпиадасында бір ғана қола медаль жеңіп алғанымызға қарамастан, спорттың бес түрінде қазақстандықтар әлемнің жетекші спортшыларымен тең дәрежеде бәсекелестік танытты. Біздің спортшылардың 15 нәтижесі үздік ондыққа енді», - дейді Есентаев.

Спорттың төрт түрі бойынша жеті спортшы үздік алтылыққа енгені үшін белгіленген ақшалай сыйақыны алады. Олар – Денис Тен, Жанбота Алдабергенова, Дмитрий Рейхерд және шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы.

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды