Альберто Дзаккерони бастаған тренерлік штаб Жапония құрамасының тізімін жариялады
Құрамаға 23 ойыншы шақырылды.
Қақпашылар: Эйдзи Кавасима («Стандард», Бельгия), Сюсаку Нисикава («Санфречче Хиросима»), Сюити Гонда («Токио»);
Қорғаушылар: Масато Моришиге («Токио»), Ясуюки Конно («Гамба Осака»), Юто Нагатомо («Интер», Италия), Мая Есида («Саутгемптон», Англия), Масахико Иноха («Джубило Ивата»), Ацуто Утида («Шальке», Германия), Хироки Сакаи («Ганновер», Германия), Готоку Сакаи («Штутгарт», Германия);
Жартылай қорғаушылар: Ясухито Эндо («Гамба Осака»), Кейсуке Хонда («Милан», Италия), Синдзи Кагава («Манчестер Юнайтед», Англия), Макото Хасэбэ («Вольфсбург», Германия), Хироси Киетакэ («Нюрнберг», Германия), Хотару Ямагучи («Сересо Осака»), Аояма Тосихиро («Санфречче Хиросима»), Сайто Манабу («Йокогама»); «
Шабуылшылар: Синдзи Окадзаки («Майнц», Германия), Йочиро Какитани («Сересо Осака»), Юя Осако («Мюнхен 1860», Германия), Есито Окубо («Кавасаки»).
Жапония құрамасының бекітілген құрамының тізімі 2 маусымға дейін жарияланады.
Күншығыс елінің футболшылары әлем біріншіліктерінде 1998-ші жылдан бастап бақ сынап келеді. Сол жылдан бастап жапондық футболшылар әлемдік доданың финалдық кезеңдерінде жақсы ойын өрнегін көрсетуде.
Фото: jfa.jp
Жапония құрамасы «C» тобында Кот-д`Ивуар, Грекия және Колумбия құрамаларымен ойнайды.