Лэмпард пен Джеррард Әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамамен қош айтысады
Англия құрамасының капитаны Стивен Джеррард Бразилияда өтетін футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатынан кейін ұлттық командадағы карьерасын аяқтайды, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
Дегенмен 33 жастағы жартылай қорғаушы «Ливерпуль» сапында ойынын жалғастыруға ниетті. Тіпті, жақында 2016 жылға дейін келісімшарт жасасты.
Джеррард Англия құрамасындағы алғашқы матчын 2000 жылдың мамырында өткізді. Сол уақыттан бері 109 ойында ұлттық құрама жейдесін киіп, үш Еуропа чемпионаты мен екі Әлем чемпионатына қатысты.
Сонымен қатар, «Челси» клубының 35 жастағы жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпард та Бразилияда ұлттық құрама жейдесімен соңғы ойындарын өткізеді. Ол Англия құрамасында 103 рет алаңға шығып, Еуро-2004 пен екі Әлем чемпионатында ойнады.
Айта кетейік, Англия құрамасының бас бапкері Бразилияда өтетін Әлем чемпионатында вице-капитан міндетін Фрэнк Лэмпард атқаратынын мәлімдеді. Ал Стивен Джеррард бұрынғыдай капитан ретінде құрамасын алаңға бастап шығады.