ӘЧ-2014 қабылдайтын стадиондардың жартысы ғана Wi-Fi желісімен жабдықталған
Футболдан Әлем чемпионатын қабылдайтын Бразилиядағы 12 стадионның тек 6-да ғана сымсыз интернет желісі қосылған. Яғни, Wi-Fi қызметі жұмыс істейді.
Сан-Паулу, Белу-Оризонти, Форталезе, Ресифи, Куритибе және Натале стадиондарында Wi-Fi болмайды.
Бразилия билігі 2G, 3G және 4G желісіндегі жүктемені азайту үшін барлық стадионға Wi-Fi орнатуды жоспарлаған еді. Алайда тек қана 6 стадион қажетті құрылғымен жабдықталған.
Бұл мәселе стадион жетекшілерінің интернет-қызметінің провайдерлерімен келісе алмауымен түсіндірілді.