ФИФА Әлем чемпионатынан 4,5 миллиард доллар табыс табуы мүмкін
ФИФА бас хатшысы Жером Вальке Бразилияда өтетін Әлем чемпионатын ұйымдастырудан түсетін табыс шамамен 4,5 миллиард АҚШ долларын құрайды, деп мәлімдеді. Бұл туралы Le Matin порталы жазады.
Доп додасының дайындығына жұмсалған шығын 2 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Оның сөзінше, бұл сомманың жартысы Бразилия инфрақұрылымын дамытуға салынған.
Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусымда басталады. Ашылу салтанатында Бразилия мен Хорватия құрамалары кездеседі.