Футболдан Әлем чемпионатының ойындарына панда болжам жасайды
Бразилияда өтетін доп додасының басты сәуегейі – Қытайдағы панданың қонжығы болмақ. Панда бұл елде қасиетті жануар саналады. Сол себепті болжам жасау міндетін ала аюға сеніп тапсырған.
Панданың қонжығы матч өтетін күні ағашқа өрмелеп шығып, үш кәрзеңкедегі тамақтың біреуін таңдауы тиіс. Нұсқалары - «жеңіс», «жеңіліс» немесе «тең».
Бұл арқылы Қытай төрткүл дүниедегі доп додасына қатысы бар екенін білдірмек.
Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылғы Оңтүстік Африка Республикасында өткен Әлем чемпионатында Германия құрамасының ойындарына Пауль есімді сегізаяқ жорамал жасаған еді. Ол неміс футболшыларының қатысуымен өткен барлық кездесудің нәтижесін қатесіз анықтады. Ал финалда испандық футболшылардың Голландия құрамасын жеңетінін де дәл тапты.