Ройс Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Германия құрамасы мен дортмундық Боруссияның жартылай қорғаушысы Марко Ройстың мундиальға қатысуы екіталай.
Естеріңізге сала кетейік,кеше Армения құрамасымен өткен ойында 25 жастағы ойыншы тобығын жарақаттап алып, матчты соңына дейін аяқтай алмады.
Ойын аяқталғаннан кейін Ройс ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Die Welt мәліметінше, футболшының жіліншегінің сіңірі созылды деген диагноз қойылған.
Мұндай жарақатты емдеуден кейін спортшының қайта қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет. Германия футбол федерациясы әзірге ресми мәлімдеме жасаудан бас тартып отыр.