Дзюдошы Дидар Хамза Олимпиадада ел намысын қорғайтын болды
Дидар Хамза Риода өтетін Олимпиадаға қатысуға ресми түрде шақырылды.
«Риода өтетін Олимпиадада дзюдо спортынан Қазақстанның абыройын қорғайтын спортшылар саны 6-ға жетті. Олар: 60 келіде белдесетін Елдос Сметов, 6 келідегі Жансай Смағұлов, 73 келідегі Дидар Хамза, 100 келідегі Максим Раков, 48 келідегі Галбадрах Отгонцегцег, 63 келідегі Мариан Ордабаева, деп хабарлайды ҚДФ баспасөз қызметі.
Осылайша, Дидар Хамза еліміздің атынан 4 жылда бір рет өтетін ең ауқымды спорт бәсекелерінің бірінде дзюдо спортынан еліміздің намысын қорғайтын алтыншы спортшы болмақ.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық құрамасы 26-шілдеден бері Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.