Камерун құрамасы Бразилияға ұшудан бас тартты
Камерун құрамасы футболдан Әлем чемпионатына қатысу үшін Бразилияға ұшудан бас тартты.
Оның себебі – төлемақы жөніндегі дау-дамай. Футболшылар турнир кезінде берілетін сыйақының мөлшері тым аз деп санайды.
Ойыншылар осы уақытта ұшақтың бортында болуы тиіс еді. Алайда олар ел астанасы Яундеде қалуды жөн деп шешкен.
Осыған ұқсас дау-дамайды камерундық футболшылар 2002 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында көтерген еді.
Камерун құрамасы Бразилиядағы алғашқы ойынын келесі жұмада өткізеді. Қарсыласы – Мексика құрамасы.