Швеция журналистері Бразилияға Златан Ибрагимовичтің қалың қағаздан жасалған көшірмесін ала келді
Швеция журналистері Бразилияға «Тре крунур» капитаны Златан Ибрагимовичтің қалың қағаздан жасалған көшірмесін ала келді. Көшірме ойыншының бойымен бірдей, деп хабарлайды Globoesporte.
Скандинавтықтар бұл сұраққа жауапты былай түсіндірді: «Ибрагимовичтің Әлем чемпионатына қатыспауына көпшілік өкініш білдірді. Сондықтан біз оны өзімізбен бірге ала келуді жөн санадық. Есесіне әлем халықтарының Златан туралы не ойлайтынын білеміз », - деді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ибрагимович өзі доп додасына қатыспайтын болғаннан кейін, Әлем чемпионатын қарамай-ақ қоюға болады деп әзілдеген еді.
«ПСЖ» шабуылшысы бұл мәлімдемені Португалия құрамасынан жеңілгеннен кейін жасады.