Ресейлік футболшылардың «Твиттерге» жазуына тыйым салынды
Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло ойыншылардың «Твиттер» микроблогын қолдануын жақтырмайтынын мәлімдеді.
«Маған ұнамайтыны - ойыншылардың «Твиттер» микроблогын қолдануы. Сол себепті ӘЛем чемпионатында оны қолдануға тыйым салынады. Ал SMS жазуға рұқсат берілген», - деді италиялық маман.
Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатында ресейлік футболшылар Оңтүстік Корея, Бельгия және Алжир құрамаларымен бір топқа түсті. Ресей құрамасы Иту қаласындағы базаға 8 маусымда келді.
Фабио Капелло шәкірттері алғашқы ойынын 17 маусымда Оңтүстік Корея құрамасымен өткізеді.