Испания құрамасы Әлем чемпионы атағын қорғау үшін Бразилияға келді
Футболдан 2010 жылғы Әлем чемпионы - Испания құрамасы Куритибу қаласына ат басын тіреді, деп хабарлайды Marca.
«Қызыл фурия» бұл қалаға Вашингтон арқылы келді. Олар сенбі күні АҚШ астанасында Сальвадор құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен ұтты.
«Ойыншылар мен жаттықтырушылар ұшақтан түсіп, автобуспен қонақүйге бет алды. Жергілікті тұрғындар төрт жыл бұрынғыдай күтіп алмады. Сол кезде ОАР халқы баннер мен жалау көтеріп, футболшыларды құрметпен қарсы алған еді», - деп жазады басылым.
Испаниялық футболшылар 13 маусымда Нидерланд құрамасымен, 18-ші маусымда Чили құрамасымен, 23 маусымда Австралия құрамасымен кездеседі.
Фото: marca.com