«Арена Коринтианс» стадионының құрылысы толық аяқталмаған
Бразилияның Сан-Паулу қаласында футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтетін «Арена Коринтианс» стадионының құрылысы толық аяқталмаған.
Қақпа артындағы 20 мың жанкүйерге арналған уақытша трибунаның құрылысы әлі жүріп жатыр. Стадионның айналасы құрылыс қалдықтарынан тазартылмаған. VIP-бөлмеге жиһаздармен енді жабдықталуда. Ойын-сауық шаралары өтетін орын да толықтай жабдықталмаған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
«Арена Коринтианс» бірнеше сынақ ойындарын қабылдады. 1 маусымда ел чемпионаты аясында «Коринтианс» пен «Ботафого» клубтары кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ойынды 37 мың адам тамашалаған. Ал жексенбі күні аренада Әлем чемпионатына дайындық өтті.
Сан-Паулу қаласындағы стадион 6 ойынды қабылдайды. Бразилия - Хорватия (12 маусым), Уругвай - Англия (19 маусым), Нидерланды - Чили (23 маусым), Оңтүстік Корея - Бельгия (26 маусым), 1/8 финалдың ойыны (1 шілде) және жартылай финал ойыны (9 шілде).
Фото: ИТАР-ТАСС