Испания құрамасын үйіне қайтарамыз - Хорхе Сампаоли
Чили құрамасының бас бапкері Хорхе Сампаоли футболдан Әлем чемпионатындағы топтық кезеңнің екінші турында Испаниямен өтетін ойын алдында өз пікірімен бөлісті.
«Егер осы жолы жеңіске жетіп, Әлем чемпионатынан испандық футболшыларды шығарып жіберсек, бұл біздің команданың көңіл-күйінің жақсаруына ықпал етеді. Біз Испанияға жеңіс ауадай қажет екенін білеміз. Өйткені, олар бұл жолы жеңілсе, турнирмен қош айтысады. Бұл жағдайды міндетті түрде ескеру қажет», - дейді Хорхе Сампаоли.
Испания — Чили матчы 19 маусым күні Астана уақытымен 01.00-де басталады.