Қазақстандық боксшылар Бразилияға жол тартты (ФОТО)

Бүгін түнгі екіде бокстан ерлер құрамасы (10 адам) және әйелдер (2 адам) Олимпиада ойындары өтетін Бразилияға аттанды. Құраманы шығарып салуға спортшылардың туыстары мен жанкүйерлер келді. «Көңіл-күйіміз жақсы. Көңіл-күйімізді жеңіске бағыттадық, - деп ойымен бөлісті Дариға Шәкімова. – Болжап ештеңе айта алмаймын, өйткені бокс – болжауға келмейтін спорт. Қарсыластарыммен бұрын кездескенмін, жақсы танимын. Басты қарсыласым – әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы американдық Кларесса Шилдс. Марина Вольнова «Ең бастысы – дайындық пен өзіңе деген сенім» деп кеңес берген еді. Мен еліме жеңіс алып келу үшін бара жатырмын». «Олимпиада алдында екі жиын өтті. Қазір Бразилияға жеткен соң бір жұма жаттығып, ортаға үйреніп, жарысқа дайындалатын боламыз. Толқу жоқ, барлығы ойдағыдай. Бұл жарыс және ең бастысы барлығына жақсы дайындықпен келу», - деді Василий Левит. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та Риоға жеңістерге деген ұмтылыспен бара жатқанын айтты: «Барлық жиындар жемісті өтті. Мемлекет тарапынан спортшылардың жоғары дайындығы үшін барлық жағдай жасалды. Сондықтан біз тек жеңіс үшін, жүлделер алып келу үшін бара жатырмыз». Құрама команда дәстүрлерін өзгертпей, спортшыларымыздың жоғары жетістіктерінің құпиясы болып табылатын жылқы етінен жасалған тағамдарды – қазы, қарта, жая – өздерімен бірге алуды ұмытпаған. Халықаралық бокс ассоциациясының сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, боксшылар жекпе-жектері 6 тамызда, ал жартылай финал кездесулері 12 тамыз күні басталады. Дерек көзі: kfb.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды